Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ольгинка ауылы әкімінің 2017 жылғы 14 маусымдағы "Павлодар ауданы Ольгинка ауылының "Сарбие" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03-04 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Ольгинка ауылдық әкімінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 1-03-05 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 қаңтарда № 5806 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 2-36/480 ұсынысы негізінде Ольгинка ауылы әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар ауданы Ольгинка ауылы "Сарбие" шаруа қожалығының аумағында ірі-қара мал бруцеллезі ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Павлодар ауданы Ольгинка ауылы әкімінің 2017 жылғы 14 маусымдағы "Павлодар ауданы Ольгинка ауылының "Сарбие" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03-04 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5563 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2017 жылы 14 шілдеде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ольгинка ауылы әкімінің
      міндетін атқарушы А. Алимжанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар аумақтық инспекциясы
      Комитетінің территориалдық бақылау
      және қадағалау Ауыл
      шаруашылығы министрлігінің
      Қазақстан Республикасының жетекшісі М. Апсаликов
      2017 жылғы 28 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады