Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі Шөптікөл ауылының "Жан-Сал" фермер қожалығы мал шаруашылығы фермасының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 шілдеде № 4267 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 254 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі Шөптікөл ауылының "Жан-Сал" фермер қожалығы мал шаруашылығы фермасының аумағында жылқылар арасында жұқпалы ринопневмония ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі Шөптікөл ауылының "Жан-Сал" фермер қожалығы мал шаруашылығы фермасының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 6 шешімінің (2017 жылғы 15 мамырда "Есіл Өңірі" және "Новости Приишимья" аудандық газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 5 мамырда № 4176 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданның Шөптікөл ауылдық
      округінің әкімі А. Әжібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады