Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 228 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қазанда № 4334 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 65 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 20.03.2019 № 65 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 4 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі М.Әбішев
      "КЕЛІСІЛДІ" Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының хатшысы
А.Бектасова
      2017 жылғы 25 қыркүйек

  2018 жылғы "25" қыркүйектегі № 228 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 12.12.2018 № 316 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорны аудандық аурухананың, аудандық емхананың, медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорны дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі;

      4) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар - барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      5) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар - мейіргер, провизор (фармацевт);

      6) біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар - фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), мейіргер, тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), рентген зертханашысы, фармацевт, диеталық мейіргер;

      7) бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар - медициналық тіркеуші;

      8) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар - психолог маман;

      9) біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар - әлеуметтік қызметкер;

      10) біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандар – биохимик.

      2. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы - әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      4) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы - арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы–жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6) ассистент.

      3. Білім беру мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (шағын жиынтықты мектеп, мектепке дейінгі ұйымнан, әдістемелік, психологиялық-әдістемелік-педагогикалық консультация кабинеттерінен басқа);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының - шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық), психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация кабинеттерінің басшысы;

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының - шағын жинақты мектеп басшысының орынбасары;

      5) біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар - мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      6) біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар - аккомпаниатор (сүйемелдеуші) (негізгі қызметтердің), тәлімгер, тәрбиелеуші, тәрбиелеуші-ана, әдіскер (негізгі қызметтердің), дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің), музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің), қосымша білім беретін педагог, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, зертханашы, логопед, психолог;

      7) біліктілігі жоғары, орташа деңгейлі санаты жоқ мамандар - хореограф (негізгі қызметтердің), жаттықтырушы-оқытушы;

      8) біліктілігі орташа деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар - мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандық мұғалімдері, аккомпаниатор (сүйемелдеуші) (негізгі қызметтердің), бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, тәлімгер, тәрбиелеуші, тәрбиелеуші-ана, әдіскер (негізгі қызметтердің), дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің), музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің), қосымша білім беретін педагог, ұйымдастырушы педагог, зертханашы;

      9) біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар - барлық мамандықты дәрігерлер;

      10) біліктілігі жоғары, орташа деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар - мейірбике (мейіргер);

      11) біліктілігі орташа деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар - емдәмдік мейірбике;

      12) кітапхананың, лагердің, интернаттың басшысы (меңгерушісі);

      13) біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі мамандар - кітапханашы, музыкатанушы, барлық мамандықтар инженері, аккомпаниатор, музыкатанушы, хореограф;

      14) біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар – көркемдік жетекші;

      15) тәрбиешінің көмекшісі.

      4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;

      2) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      4) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандары - аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, режиссер,барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      5) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандары - аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      6) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандары - дыбыс операторы.

      5. Спорт мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;

      2) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары;

      3) біліктіліктегі жоғары және орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар - жаттықтырушы– оқытушы.

      6. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ветеринариялық станция басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысының орынбасары;

      3) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бірінші, екінші санаттағы, санатсыз біліктілік деңгейі жоғары мамандары - ветеринариялық дәрігер, зертхананың ветеринариялық дәрігері;

      4) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының санатсыз біліктілік деңгейі жоғары, орташа мамандары - зертханашы;

      5) бірінші, екінші санаттағы, санатсыз біліктілік деңгейі орташа мамандар - ветеринариялық фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымды іс жөніндегі техник.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады