Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ясновка ауылдық округінің Ясновка ауылы "Московский" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі мүйізді қара малдар арасында жұқпалы ринотрахеит бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ясновка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 тамызда № 4287 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ясновка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ясновка ауылдық округі әкімінің 24.11.2017 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабы 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 09-13/85 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ясновка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ясновка ауылдық округінің Ясновка ауылында "Московский" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі мүйізді қара малдар арасында жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты жалпы сауықтыру іс-шараларын жүргізу үшін шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ясновка ауылдық
      округі әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Тұтқабаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады