Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 2 мамырдағы № 171 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 16 мамырда № 4101 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 27 қарашадағы № 358 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкiмдiгiнiң 27.11.2017 № 358 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Жанғазиевке жүктелсін.

      3. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шыққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 372 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3905 болып тіркелген, "Шаян" газетінде 2016 жылы 14 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Танагузов

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
02 мамыр 2017 жылғы
№ 171 қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Аудан атауы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны (жергілікті бюджет есебінен)

1

Бәйдібек ауданы

3513


  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
02 мамыр 2017 жылғы
№ 171 қаулысына 2-қосымша

Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге

Балабақша

Мектеп жанындағы шағын орталық

30381

14146


  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
02 мамыр 2017 жылғы
№ 171 қаулысына 3-қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы

Күніне бір баланың тамағына шығыны, 3 жасқа дейін, теңге (көпемес)

Күніне бір баланың тамағына шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін, теңге (көпемес)

330,79

398,57


      Ескертпе: 1 күнге бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады