Жуантөбе ауылдық округіне қарасты Жуантөбе елді мекені Қ.Омарұлы көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округi әкiмiнiң 2017 жылғы 12 қазандағы № 11 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 2 қарашада № 4250 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округi әкiмiнiң 2018 жылғы 15 ақпандағы № 3 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округi әкiмiнiң 15.02.2018 № 3 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Созақ аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 1-6/287 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жуантөбе ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жуантөбе ауылдық округі Жуантөбе елді мекені Қ.Омарұлы көшесінің тұрғыны Мұхтар Нығметті тістеген қарсақтың құтырық ауырумен ауыруына байланысты Жуантөбе елді мекені Қ.Омарұлы көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Жуантөбе ауылдық округі әкімінің кеңесші, іс-басқарушысыА.Мырзабековаға тапсырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жуантөбе ауылдық округі
      әкімінің міндетін уақытша
      атқарушы Б.Жайлаубай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады