Шектеу іс-шараларын алып тастау және Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 11 "Жуантөбе ауылдық округіне қарасты Жуантөбе елді мекені Қ.Омарұлы көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округi әкiмiнiң 2018 жылғы 15 ақпандағы № 3 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 12 наурызда № 4469 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Созақ аудандық аумақтық инспекция басшысының 2017 жылғы 13 қарашадағы № 1-6-345 ұсынысы негізінде, Жуантөбе ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарсақтың құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округіне қарасты Жуантөбе елді мекені Қ.Омарұлы көшесінің аумағында шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 11 "Жуантөбе ауылдық округіне қарасты Жуантөбе елді мекені Қ.Омарұлы көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4250 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қарашада "Созақ-үні газетінде және 2017 жылы 16 қараша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жуантөбе ауылдық округі
      әкімінің міндетін уақытша атқарушы А.Мырзабекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады