Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 144 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 шілдеде № 5115 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27, 50-баптарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы "12" маусымдағы
№ 144 қаулысына
қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 62 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3275).

      2. "Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 161 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3405).

      3. "Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 245 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3505).

      4. "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 253 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3515).

      5. "Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 59 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 264 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3525).

      6. "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 62 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 322 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3593).

      7. "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 341 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3653).

      8. "Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 161 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 28 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3698).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады