Кеңсай ауылдық округінде Бақасу ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 наурызда № 4904 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 17.11.2017 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 3-тармағына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 21 қарашадағы ұсынысы негізінде Кеңсай ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Кеңсай ауылдық округіне қарасты Бақасу ауылының ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кеңсай ауылдық округінің әкімі Т. Бықаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады