Зайсанқала округінің "Қашар" учаскесінде шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 9 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 қарашада № 5300 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 334 ұсынысы негізінде Зайсан қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зайсан қала округінің "Қашар" учаскесінің ірі қара малдары, бруцеллез ауруынан сауықтырылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Зайсан қала округінің "Қашар" учаскесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан қаласы әкімінің 2017 жылғы № 3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5097 болып тіркелген, 19 сәуір 2017 жылғы аудандық "Достық" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Зайсан қала әкімінің міндетін атқарушы А. Дутбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады