Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiнiң "Жаңаауыл", "Көкжыра" учаскелеріне, Құмкөл ауылдық округiнiң "Қызылқора" учаскесіне, Ойшілік ауылдық округiнiң "Жүніс" учаскесіне, Кіндікті ауылдық округінің "Үмбет" учаскесіне және Ақсуат ауылдық округінің "Көкжайдақ" бөлігіне шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 403 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 5221 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 114 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 28.02.2018 № 114 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 04 шілдедегі № 276, № 279, № 280, 05 шілдедегі № 282, № 283 ұсыныстары негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiнiң "Жаңаауыл", "Көкжыра" учаскелеріне, Құмкөл ауылдық округiнiң "Қызылқора" учаскесіне, Ойшілік ауылдық округiнiң "Жүніс" учаскесіне, Кіндікті ауылдық округінің "Үмбет" учаскесіне және Ақсуат ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылының "Көкжайдақ" бөлігінде мүйізді ірі қара және мүйізді ұсақ малдары арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мауадиновқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Аудан әкiмi Д. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады