Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiнiң "Алау", "ЛСП" учаскелеріне және Екпін ауылдық округінің "Ақбәдеш" шаруа қожалығына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 203 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 543 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 5343 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 13 қазандағы № 456 ұсынысы негізінде Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiнiң "Алау", "ЛСП" учаскелерінде және Екпін ауылдық округінің "Ақбәдеш" шаруа қожалығында шектеу iс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы №203 "Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiнiң "Алау", "ЛСП" учаскелеріне және Екпін ауылдық округінің "Ақбәдеш" шаруа қожалығына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5108 тіркелген, 2017 жылғы 13 мамырдағы "Тарбағатай" газетінде және 2017 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Тарбағатай ауданының әкімі Д. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады