Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі Тайпақ ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 наурызда № 4718 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің "Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2017 жылғы 7 ақпандағы №45 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі Тайпақ ауылы аумағында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 1 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі Тайпақ ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3796 тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда "Жайық таңы" газетінде жарияланған) шешімінің және Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 14 "Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 1 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі Тайпақ ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4042 тіркелген, 2015 жылғы 24 қыркүйектегі "Жайық таңы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3.Тайпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы(З.Н.Гапуова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тайпақ ауылдық округі әкімі Б.Қдырғужин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады