Бөрлі ауданы Ақсай қаласының солтүстік бөлігі аумағында белгіленген шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 27 қарашадағы № 573 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда № 4977 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2017 жылғы 13 қазандағы № 1-13/759 ұсынысы негізінде, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөрлі ауданы Ақсай қаласының солтүстік бөлігі аумағында ұсақ мүйізді малдың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 171 "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының солтүстік бөлігі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4789 тіркелген, 2017 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Ақсай қаласы әкімі аппаратының бас маманы (Л.В.Сиволобова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің міндетін атқарушы Б.Джармухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады