Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының солтүстік бөлігі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 171 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 мамырда № 4789 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 27 қарашадағы № 573 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарушысының 27.11.2017 № 573 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 3 ақпандағы № 1-13/34 ұсынысы негізінде Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының солтүстік бөлігі аумағында ұсақ мүйізді малдың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Ақсай қаласы әкімі аппаратының бас маманы (Сиволобова Л.В.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің
міндетін атқарушы
Б.Джармухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады