Шектеу іс шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Достық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 30 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 шілдеде № 4853 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 20 қазандағы №1-10-612 ұсынысын басшылыққа ала отырып, Достық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеленов ауданы Достық ауылдық округінің Чувашин ауылы аумағында ұсақ мүйізді мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Достық ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 15 мамырдағы №18 "Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Достық ауылдық округіне қарасты Чувашин ауылына ұсақ мүйізді малына сарып ауруына шектеу шаралары енгізіліп, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" және 2016 жылғы 21 қазандағы №72 "Шектеу шараларын тоқтату туралы" шешімдері жойылды деп танылсын.

      3. Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (З.Байкенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық-ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімінің
міндетін атқарушы
С.Джумашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады