Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінің Шағатай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 маусымда № 4846 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шағатай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 5 қарашадағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шағатай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 05.11.2018 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 26 мамырдағы № 01-24/223 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі ауданы Шағатай ауылдық округі Шағатай ауылының аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (Қ.Султанова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шағатай ауылдық округі әкімі Р.С.Мутиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады