"Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 482 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 наурызда № 16647 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 482 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14497 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 желтоқсандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрi

      Т. Сүлейменов ______________

      2018 жылғы 7 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 5 наурыздағы
№ 86 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 482 бұйрығымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 10-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары ескеріле отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жаңа объектілерін салу бойынша жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;

      2) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі – аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы қалыптастыратын және өткізілген сауда-саттықтың нәтижелерін растайтын құжат;

      3) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі - Ұйымдастырушы) – уәкілетті орган айқындайтын, Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      5) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) –уәкілетті орган қалыптастыратын және интернет-ресурсында орналастыратын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізімі.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру тәртібі

      3. Уәкілетті орган Ұйымдастырушыдан Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімін алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарын Тізбеге қосады.

      4. Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымды Тізбеге қосқан сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ол туралы энергия өндіруші ұйымға және қаржы-есеп айырысу орталығына жазбаша хабарлайды.

      5. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар Тізбеден мынадай жағдайларда алып тасталады:

      1) Заңның 7-1-бабының 7-тармағына сәйкес Тізбеге енгізілгеннен кейін алпыс күнтізбелік күн ішінде ЖЭК пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу үшін қаржы - есеп айырысу орталығына өтінім бермеген жағдайда;

      2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №164 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларына сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу туралы шартын бұзған немесе оның қолданылуы тоқтаған жағдайда;

      3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14155 тіркелген) Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларының 7-2 тармағына сәйкес ЖЭК объектісін салу жобасы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарынан алынып тасталған жағдайда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады