"Өнеркәсіп саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1161 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 789 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 799 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 72 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қарашада № 17817 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 231 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 48 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.04.2023 № 231 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 12.04.2023 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Өнеркәсіп саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1161 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 789 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12795 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген өнеркәсіп саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
___________ Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
___________ Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 19 қарашадағы
№ 72 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 19 қарашадағы
№ 72 бірлескен бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1161 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 789 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Өнеркәсіп саласындағы тексеру парағы

      Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану қызметіне қатысты

      __________________________________________________________________________

                  (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                                                (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Қызметтiң лицензияланатын түрлерi мен кiшi түрлерiн (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентiнің болуы





2

Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірін (орналасқан орны); шарттың нөмірін және шартқа қол қою күнін, егер өзге заңды негіздер болса; шарт жасасылған ұйымның атауын қамтитын, мәлімденген кіші қызмет түрлеріне сәйкес меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздердегі өндірістік базаның (ғимарат, үй-жайлар) болуы





3

Қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), өндіру; ашық және жер асты тәсілдерімен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзірлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу; кеніштер мен шахталарды жабу бойынша тарату жұмыстарын жүргізу үшін - инженерлік құрылғылар, машиналар, тетіктер, құралдар, арнайы көліктер, жабдықтар, өлшеу жабдықтары және бақыланатын технологиялық процестің болуы





4

Пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін:
1) жарылғыш қажетті заттарды сақтайтын қоймалары бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт немесе лицензия;
2) ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы





5

Ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергішін орнату үшін; ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін - тиісті технологиялық жабдықтардың болуы





6

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде химия өндірістерін пайдалану үшін:
1) тетіктер, технологиялық желілер, шикізатты дайындау, қайта өңдеу қондырғылары, шикізатты, дайын өнімдерді, жарылыс өрт қауіпті, улы күшті әсер ететін заттарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар және сыйымдылықтар;
2) өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық талаптарына сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың болуы





7

Мыналарды:
1) машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
2) еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
3) метрологиялық бақылауды; 4) маркшейдерлік жұмыстарды ("химия өндірістерін пайдалану" қызметінің кіші түріне қолданылмайды);
5) технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын (тау-кен өндірісінің қызметтерінің кіші түрлеріне қолданылмайды) қорғауды қамтамасыз етуді;
6) қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн жауапты тұлғалардың немесе қызметтердің болуы





8

Тиісті білім деңгейіне сәйкес техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы (басшылар үшін - тиісті салада жоғары техникалық, мамандар үшін - кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде үш жыл практикалық тәжірибесінің болуы





      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ ______________

                                          (лауазымы)                   (қолы)

      ________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау

      субъектісінің басшысы ______________________________ ______________

                                          (лауазымы)                   (қолы)

      _______________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады