Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы Бастау ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 мамырда № 6606 болып тіркелді. Күші жойлыды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Бастау ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Бастау ауылдық округі әкімінің 02.05.2019 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 01-28-124 ұсынысы негізінде, Бастау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Атбасар ауданының Бастау ауылдық округінің Бастау ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бастау ауылдық
округінің әкімі
Қ.Исманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады