Шектеу іс-шараларын алу және Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 қаңтарда № 5884 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекция басшысының 2018 жылғы 03 қаңтардағы № 5-2/05 ұсынысы негізінде, Қурайлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі Өрлеу ауылындағы Жерұйық көшесі бойынша ірі мүйізді қара және ұсақ мүйізді қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринарлық іс-шаралар кешені жүргізілгендігіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылдың 4 қыркүйектегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5646 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 қыркүйекте "Ақтөбе" газетінде жариялған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қурайлы ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Шалабаевқа жүктелсін.

      Қурайлы ауылдық
округінің әкімі
М.Ш. Тұрмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады