Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округі Ақтасты ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтекеби ауданы Ақтасты ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 02 шешімі. Ақтөбе облысы Әйтекеби аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 7 наурызда № 3-2-138 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округі әкімінің 08.04.2019 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 30 қантардағы №2-7/11 ұсынысының негізінде, Ақтасты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округінің Ақтасты ауылы аумағында ірі мүйізді қара малдарының арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтасты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтасты ауылдық
округінің әкімі
З-Х.Күнтуған

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады