Шектеу іс-шараларын алу және Жиренқопа ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 20 наурызда № 3-7-153 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 – 1 бабына сәйкес, Қобда ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2018 жылғы 16 ақпандағы № 2-10-3/50 ұсынысы негізінде, Жиренқопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жиренқопа ауылдық округінің ауылы аймағында ірі мүйізді қара малдары арасынан бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс- шаралары алынсын.

      2. Жиренқопа ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 9 "Шектеу іс- шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5435 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 сәуірде "Қобда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жиренқопа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қобда ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жиренқопа ауылдық
округінің әкімі
М. Ж. Кульниязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады