Шектеу іс-шараларын алу және Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Қобда аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 29 маусымда № 3-7-172 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 01 маусымдағы № 2-10-3/148 ұсынысы негізінде, Сөгәлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруына кешенді ветеринариялық жою бойынша іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты Сөгәлі ауылдық округінің Қоғалы, Сөгәлі ауылдары аумағында белгіленген шектеу іс–шаралары алынсын.

      2. Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 5 "Шектеу іс- шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5434 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 сәуірде "Қобда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сөгәлі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қобда ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сөгәлі ауылдық округінің әкімі А. М. Тастаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады