Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 20 шілдедегі № 7 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Қобда аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 2 тамызда № 3-7-174 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 05.10.2018 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 28 маусымдағы № 2-10-3/203 ұсынысы негізінде, Сөгәлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малының құтырық ауруымен ауруына байланысты Сөгәлі ауылдық округі Қоғалы ауылында орналасқан "Кеңес" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сөгәлі ауылдық округінің әкімі: А. Тастаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады