Шектеу іс-шараларын алу және Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 20 шілдедегі № 7 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Қобда аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 9 қазанда № 3-7-180 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10–1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық–санитарлық инспекторының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 2-10-3/262 ұсынысы негізінде, Сөгәлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малының құтырық ауруымен ауруына байланысты Сөгәлі ауылдық округі Қоғалы ауылында орналасқан "Кеңес" шаруа қожалығының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Сөгәлі ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 20 шілдедегі № 7 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормотивтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3-7-174 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 тамызда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сөгәлі ауылдық округінің әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қобда ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сөгәлі ауылдық округінің әкімі: А.М. Тастаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады