Шектеу іс-шараларын алу және Ойыл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 43 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 83 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 13 шілдеде № 3-11-139 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 25 маусымдағы № во 2-13-/73 ұсынысы негізінде, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ойыл ауылдық округінің Талтоғай нүктесіндегі "Естек" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан құтырық ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс – шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.

      2. Ойыл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 43 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-132 болып тіркелген, 2018 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауылдық округі әкімі Д. Бисебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады