Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 43 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2018 жылдың 2 мамырда № 3-11-132 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 83 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 11.07.2018 № 83 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына cәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 04 сәуірдегі № во 2-13-/40 ұсынысының негізінде, Ойыл ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан құтырық ауруының анықталуына байланысты Ойыл ауылдық округінің Талтоғай нүктесі "Естек" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауылдық округ әкімі Д. Бисебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады