Шектеу іс-шараларын алу және Біршоғыр ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 34 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 12 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Шалқар аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 11 сәуірде № 3-13-189 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 16-8/26 ұсынысы негізінде, Біршоғыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Біршоғыр ауылдық округінің Біршоғыр ауылы, Ақтан баба көшесінің аумағында жануарлар арасында құтыру ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Біршоғыр ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 34 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5803 тіркелген, 2018 жылғы 16 қаңтарда "Шалқар" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Шалқар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Біршоғыр ауылдық округінің әкімі А. Жұбаназар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады