"Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 330 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 5 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 473 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 12.08.2020 № 473 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру Қағидалары;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4078 тіркелген, 2017 жылы 28 сәуірде "Шымкент келбеті" газетінде және 2017 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы Е.Әлімқұловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов
      Қ.Нұртай
      Н.Ергешбек
      Е.Әлімқұлов
      Б.Мамыталиев
      Г.Құрманбекова
      Д.Жумин

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 330 қаулысына 1-қосымша

"Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидалары

Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру тәртібін белгілейді.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

      3. Қызметтік куәлік осы қаулымен бекітілген сипаттамаға сәйкес.

      4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      5. Қызметтік куәлік беріледі:

      1) қала әкімінің орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, аудан әкімдеріне, қаланың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына – қала әкімінің қолы қойылып;

      2) қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне – қала әкімінің аппарат басшысының қолы қойылып;

      3) Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне – тиісті орган басшысының қолы қойылып беріледі.

      6. Қызметтік куәлік мемлекеттік қызметшілерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.

      Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымша келісілген нысаны бойынша қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).

      7. Қызметтік куәліктер мен есепке алу журналы персоналды басқару қызметінің сейфінде, ал Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарында – кадр жұмысымен айналысатын қызметкерлердің сейфінде сақталады.

      8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті персоналды басқару қызметтерінің қызметтік куәлікті беруге жауапты қызметкерлері қайтарып алады, ал Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарында – кадр жұмысымен айналысатын қызметкерлері қайтарып алады.

      9. Персоналды басқару қызметі жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      10. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды персоналды басқару қызметінің басшысы жүзеге асырады, ал Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарында – кадр жұмысымен айналысатын қызметкерлер жүзеге асырады.

      11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне және кадр жұмысымен айналысатын қызметкерлерге жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды және жоғалған қызметтік куәліктің жарамсыздығы туралы тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

      12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, оны ықылассыз сақтаудың, және де басқа адамдарға берудің, қызметтік куәлікті мақсатына сай пайдаланбаудың салдарынан бүлдірудің әрбір фактісі бойынша мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі және кадр жұмысымен айналысатын қызметкерлер белгіленген тәртіпте қызметтік тергеп-тексеру жүргізу қажеттілігін қарастырады.

      13. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне және кадр жұмысымен айналысатын қызметкерлерге тапсырады.

      Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

      14. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 330 қаулысына 2-қосымша

"Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Қызметтік куәлік мұқабасы күрең қызыл түсті немесе көк түсті былғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан жасалған (ашып көрсетілген түрінде көлемі 19 см х 6,5 см).

      2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген түрінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ" типографиялық қаріппен жазба жазылған, ал Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарында тиісті органның атауы мемлекеттік тілде көрсетіледі.

      3. Куәліктің ішкі жағында ақ түсті фонда шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде тиісті мемлекеттік органның атаулары (мемлекеттік және орыс тілдерінде), одан төмен мәтіннен көк түсті үзік жолақпен бөлектелген "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазулар орналасқан. Төменгі жағында куәліктің нөмірі, мемлекеттік қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атқаратын лауазымы, мемлекеттік және орыс тілдерінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі (екі жыл мерзімге беріледі).

      4. Сол жағында: 2,5 х 3,5 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), тиісінше қала әкімінің, қала әкімінің аппарат басшысының, Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландыратын атқарушы органдары басшыларының қолымен және тиісті органның елтаңбалы мөрімен расталған мемлекеттік тілдегі мәтін.

      5. Оң жағында: көгілдір түсті фонда көлемі 3 х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, төменгі жағында көкшіл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және орыс тіліндегі мәтін көрсетіледі.

  "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің,
Шымкент қаласының бюджетінен
қаржыландырылатын атқарушы
органдардың мемлекеттік қызметшілеріне
қызметтік куәлікті беру қағидаларына
қосымша

"Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, Аты, Жөні (бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Қызметтік куәліктің берілген күні

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті тапсырған күні

Ескертпе









      Ескертпе: "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп персоналды басқару қызметі бөлімі басшысының, ал Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарда – тиісті органның басшыларының қолымен және мөрімен расталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады