Мойынқұм ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 265 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 қазанда № 3964 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 396 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 29.12.2018 № 396 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мойынқұм ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Мойынқұм ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мұратхан Тұрарханұлы Естаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Нүркенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс,

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары басқармасының басшысы

      _______________________Ә.Ахатаев

      "_____" __________2018 жыл

  Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "21" қыркүйектегі
№ 265 қаулысына қосымша

Мойынқұм ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

Автомобиль жолдары

Индекс

Атауы

Ұзақтығы (шақырым)

1

КН-МО-1

"Жамбыл-Батырбек" 0-46

46

2

КН-МО-2

"Көкжелек ауылына кіре-беріс" 0-4,7

4,7

3

КН-МО-3

"Жамбыл ауылына кіре-беріс" 0-1

1

4

КН-МО-4

"Күшаман ауылына кіре-беріс" 0-0,2

0,2

5

КН-МО-5

"Мойынқұм - Комсомол" 0-14

14

6

КН-МО-6

"Сарыөзек ауылына кіре-беріс" 0-4,6

4,6

7

КН-МО-7

"Қылышбай ауылына кіре-беріс" 0-1,3

1,3

8

КН-МО-8

"Құмөзек ауылына кіре-беріс" 0-0,3

0,3

9

КН-МО-9

"Қарабөгет ауылына кіре-беріс" 0-1,7

1,7

10

КН-МО-10

"Қияхты станциясына кіре-беріс" 0-5

5

11

КН-МО-11

"Ақсүйек ауылына кіре-беріс" 0-4

4

12

КН-МО-12

"Шығанақ ауылына кіре-беріс" 0-1,6

1,6

13

КН-МО-13

"Мыңарал станциясына кіре-беріс" 0-3

3

14

КН-МО-14

"Қияхты ст.-Мирный" 0-12

12

15

КН-МО-15

"Хантау ауылына кіре-беріс" 0-0,6

0,6

16

КН-МО-16

"Хантау станциясына кіре-беріс" 0-2,4

2,4



Барлығы:

102,4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады