Мойынқұм ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 396 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 4082 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3-бабының 7-тармағына, 6-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мойынқұм ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Мойынқұм ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары және индекстерін бекiту туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 265 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3964 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 қазанында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Мойынқұм ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мұратхан Тұрарханұлы Естаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Мұсаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жамбыл облысы әкімдігінің

      жолаушылар көлігі және

      автомобиль жолдары

      басқармасының басшысы

      ________________Б.Жәнібеков

      "_____" __________2018 жыл

  Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "29"
желтоқсандағы
№396 қаулысына қосымша

Мойынқұм ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді –Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 14.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Автомобиль жолдары

Индекс

Атауы

Ұзақтығы
(шақырым)

1

КН-МО-1

״Көкжелек ауылына кіре-беріс״ 0-4,7

4,7

2

КН-МО-2

״Жамбыл ауылына кіре-беріс״ 0-1

1

3

КН-МО-3

״Күшаман ауылына кіре-беріс״ 0-0,2

0,2

4

КН-МО-4

״Сарыөзек ауылына кіре-беріс״ 0-4,6

4,6

5

КН-МО-5

״Қылышбай ауылына кіре-беріс״ 0-1,3

1,3

6

КН-МО-6

״Құмөзек ауылына кіре-беріс״ 0-0,3

0,3

7

КН-МО-7

״Қарабөгет ауылына кіре-беріс״ 0-1,7

1,7

8

КН-МО-8

״Қияхты станциясына кіре-беріс˝ 0-5

5

9

КН-МО-9

״Ақсүйек ауылына кіре-беріс״ 0-4

4

10

КН-МО-10

״Шығанақ ауылына кіре-беріс״ 0-1,6

1,6

11

КН-МО-11

״Мыңарал станциясына кіре-беріс״ 0-3

3

12

КН-МО-12

״Қияхты ст.-Мирный״ 0-12

12

13

КН-МО-13

״Хантау ауылына кіре-беріс״ 0-0,6

0,6

14

КН-МО-14

״Хантау станциясына кіре-беріс״ 0-2,4

2,4

15.

КН-МО-15

״ Ақбақай-Мирный ״ 0-110

110

16.

КН-МО-16

״ Кіші Қамқалы-Ұланбел ״ 0-5,8

5,8

17.

КН-МО-17

״ Мойынқұм ауылына солтүстік-батыстан кіре-беріс ״ 0-3

3



Барлығы:

161,2

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады