Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қырғыз ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 03 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 желтоқсанда № 5047 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізуіне байланысты, Қырғыз ауылдық округі Бүркітті ауылының Ардагер көшесінің және Борлыбұлақ елді мекенінің Борлыбұлақ көшесінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарқаралы ауданының Қырғыз ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 05 қыркүйектегі № 02 "Қырғыз ауылдық округі Бүркітті ауылының Ардагер көшесінің және Борлыбұлақ елді мекенінің Борлыбұлақ көшесінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4935 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 қыркүйектегі № 37 (11681) "Қарқаралы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2018 жылы 18 қыркүйекте электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қырғыз ауылдық округінің әкімі Б.С. Капашов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы
Министрлігі ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
      Е.Қ. Аймағанбетов

      05 желтоқсан 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады