Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 22 ақпанда № 7531 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 21.09.2021 № 175 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7232 болып тіркелген), Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері:

      1) Амангелді ауданы Амангелді ауылы Б. Майлин көшесі № 25 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 57 (елу жеті) теңге 52 (елу екі) тиын мөлшерінде;

      2) Амангелді ауданы Амангелді ауылы Б. Майлин көшесі, № 21 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 77 (жетпіс жеті) теңге 4 (төрт) тиын мөлшерінде;

      3) Амангелді ауданы Амангелді ауылы М. Маметова көшесі № 19 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 73 (жетпіс үш) теңге 57 (елу жеті) тиын мөлшерінде;

      4) Амангелді ауданы Амангелді ауылы М. Маметова көшесі № 17 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 87 (сексен жеті) теңге 64 (алпыс төрт) тиын мөлшерінде;

      5) Амангелді ауданы Амангелді ауылы М. Маметова көшесі № 23 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 108 (жүз сегіз) теңге 21 (жиырма бір) тиын мөлшерінде;

      6) Амангелді ауданы Амангелді ауылы Б. Майлин көшесі № 46 үй 5-пәтер, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 83 (сексен үш) теңге 73 (жетпіс үш) тиын мөлшерінде;

      7) Амангелді ауданы Амангелді ауылы Б. Майлин көшесі № 46 үй 7-пәтер, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 83 (сексен үш) теңге 73 (жетпіс үш) тиын мөлшерінде;

      8) Амангелді ауданы Амангелді ауылы Б. Майлин көшесі № 46 үй 8-пәтер, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 83 (сексен үш) теңге 73 (жетпіс үш) тиын мөлшерінде белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 15.03.2024 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Амангелді ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің инфрақұрылым мәселелері бойынша орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауданының әкімі Н. Өтегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады