"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" Амангелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 175 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 қыркүйекте № 24536 болып тіркелді

      Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" Амангелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7531 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қазақ тіліндегі тақырып жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері:

      1) Амангелді ауданы Амангелді ауылы Б. Майлин көшесі № 25 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 57 (елу жеті) теңге 52 (елу екі) тиын мөлшерінде;

      2) Амангелді ауданы Амангелді ауылы Б. Майлин көшесі, № 21 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 77 (жетпіс жеті) теңге 4 (төрт) тиын мөлшерінде;

      3) Амангелді ауданы Амангелді ауылы М. Маметова көшесі № 19 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 73 (жетпіс үш) теңге 57 (елу жеті) тиын мөлшерінде;

      4) Амангелді ауданы Амангелді ауылы М. Маметова көшесі № 17 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 87 (сексен жеті) теңге 64 (алпыс төрт) тиын мөлшерінде;

      5) Амангелді ауданы Амангелді ауылы М. Маметова көшесі № 23 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 108 (жүз сегіз) теңге 21 (жиырма бір) тиын мөлшерінде белгіленсін.".

      2. "Амангелді ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауданының әкімі Т. Карбозов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады