2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 20 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 наурызда № 7591 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған Жангелдин ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жангелдин ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Жангелдин ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауын;

      4) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ш. Оспанов

  Әкімдіктің
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 20 қаулысына қосымша

2018 жылға арналған Жангелдин ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысың мөлшері

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 27.06.2018 № 69 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік- аумақтық орналасуы (елді мекен)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

Ахмет Байтұрсынұлы ауылы

Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің "Балбөбек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

25

20374

3 жасқа дейін- 3500

2

Торғай ауылы

"Жангелдин ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Балдырған" бөбекжай – балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

27864

3 жасқа дейін – 5250 3 жастан 7 жасқа дейін 6300

3

Ақкөл ауылы

Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің "Күншуақ" бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

34

27864

3 жасқа дейін – 3300 3 жастан 7 жасқа дейін 3500

4

Торғай ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Н. Г. Иванов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын орталық

25

16375

3 жастан 7 жасқа дейін - 4000

5

Аралбай ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Жангелдин орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын орталық

25

16938

3 жастан 7 жасқа дейін - 4500

6

Шеген ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Аманкелді атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын орталық

25

16938

3 жасқа дейін – - 3000

7

Ақшығанақ ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Қаражан Топаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын орталық

25

16938

3 жасқа дейін – - 3500

8

Сужарған ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Қанапия Қайдосов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын орталық

25

16938

3 жастан 7 жасқа дейін - 4000

9

Тәуіш ауылы

Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің "Қаратүбек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын орталық

20

16938

3 жасқа дейін – 3500


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады