Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Приречное ауылы әкімінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 7923 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы Приречное ауылы әкімінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы Приречное ауылы әкімінің 15.01.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Жітіқара ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 01-20/261 ұсынуы негізінде Приречный ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Приречный ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жiтiқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қостанай облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Жітіқара аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.

      3. "Жітіқара ауданының Приречный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданы Приречный ауылының әкімі С. Ходзинский

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _______________Т. Рамазанов

      2018 жылғы "21" маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Жітіқара

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________ Т. Нургазин

      2018 жылғы "21" маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігінің

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитеті Қостанай облысы

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Жітіқара

      аудандық қоғамдық денсаулық

      сақтау басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________ Ж. Спабеков

      2018 жылғы "21" маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады