Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2018 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 242 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 мамырда № 7757 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 8-тармағына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2018 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті сессия төрайымы М. Тукпатуллина
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Тюлюбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика

      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________________ М. Шайхинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады