Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 38/5 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 179/22 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 наурызда № 5905 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 313/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 15.05.2019 № 313/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 38/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5193 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 тамызда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 7-6) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-6) төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын көпбалалы аз қамтылған отбасыларға;"

      9 тармақ:

      "7) Табысты есепке ала отырып, ай сайын әлеуметтік көмек:" деген 7) тармақшамен;

      келесі мазмұндағы:

      "7-1) 8-тармақтың 7-6) тармақшада көрсетілген санаттар үшін мектепке дейінгі мекемелерге бала (балалар) баруға нақты бекітілген төлемақы мөлшерінде, екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, Ақсу қаласы аумағында тұрақты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы), жеке басын куәландыратын құжатың көшірмесі, баласының (балаларының) туу туралы куәлігінің көшірмесі, өтініш берушінің мәртебесін айқындайтын құжат, мектепке дейінгі мекемемен келісімшарт көшірмесін, өткен айда балабақшаға барғанының нақты төлемақысы туралы түбіртектің түпнұсқасы және өтініш берушінің мекен жайы бойынша тіркелген адамдардың алдыңғы тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтері негізінде." деген 7-1) тармақшамен толықтырылсын;

      2-5) тармақшада "7-2)" цифрасы алып тасталсын;

      2-7) тармақшада "шаруашылық жүргізу құқындағы "Ақсу орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ауруды растайтын анықтамасы" деген сөздер "емханаға тіркелген жері бойынша дәрігерлік-кеңес комиссиясының қортындысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-8) тармақшада "Ақсу туберкулезге қарсы ауруханасы" (анықтама берілген уақыттан бастап бір ай мерзімінде жарамды) мемлекеттік мемкемесінің" деген сөздері "шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-3) тармақшада "Ақсу туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мемкемесінің" деген сөздері "шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-2), 4-4) тармақшалар алып тасталсын;

      4-5) тармақшада "шартының көшірмесі" деген сөздерден кейін "мүгедектік тобын растайтын құжат және өткен айда" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-1), 5-3) тармақшалары "мекенжай анықтамасы" деген сөздерден кейін "учаскелік комиссия берген өтініш берушінің материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу актісі," деген сөздермен толықтырылсын;

      5-2) тармақшасы "мекенжай анықтамасы" деген сөздерден кейін "отбасы мүшерлерінің алдыңғы тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтері," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Түсіпбеков
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады