Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 1 тамыздағы "Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округінің Ынтымақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 22 ақпандағы № 3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 наурызда № 5908 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қарақұдық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округінің Ынтымақ ауылында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 1 тамыздағы "Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округінің Ынтымақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5614 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 қыркүйектегі аудандық "Ертіс Нұры", "Иртыш" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарақұдық ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушысы Г. Қуантаева
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Ертіс
      аудандық аумақтық
      инспекциясының басшысы Е. Каримжанов
      2018 жылғы "22" ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады