"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 4 шілдедегі №21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 22 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 шілдеде № 4845 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 12.03.2019 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 4 шілдедегі № 21 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4828 тіркелді, 2018 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген орыс тіліндегі шешімінің тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:

      "Об установлении ограничительных мероприятий";

      жоғарыда көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімінің тақырыбы өзгеріссіз қалдырылсын;

      жоғарыда көрсетілген шешімінің кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына, Қызылжар ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 5 мамырдағы №01-11/116 ұсынысы негізінде, Архангельск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      И. Рыбакова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады