Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 13 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 наурызда № 5249 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 29 қаңтарындағы № 01-11/04 ұсынысы негізінде, Архангельск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округінің Архангельское ауылында бруцеллез ауру ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Архангельск ауылдық округі әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 04 шілдедегі № 21 (2018 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4828 болып тіркелген);

      2) ""Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 4 шілдедегі № 21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 18 шілдедегі № 22 (2018 жылғы 02 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4845 болып тіркелген).

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Архангельск ауылдық
округінің әкімі
И. Рыбакова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады