Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 204 "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 260 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 қазанда № 4250 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 18 қыркүйектегі 2020 жылғы № 530 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 18.09.2020 № 530 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546 бабы 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44 бабына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 204 "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4104 санымен тіркелген, 2018 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      қосымшадағы реттік нөмірі – 7 жол осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда мазмұндалсын.

      2. "Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 204 "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы"" 2018 жылғы 9 тамыздағы № 250 шешімі жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, бюджет, қаржы, өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту, экология, табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.Семгалиев) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ХХVІ сессия төрағасы, мәслихат
хатшысының өкілеттігін уақытша
жүзеге асырушы
Қ. Джаумбаев

  Қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 28 тамыздағы № 260 шешіміне қосымша Қалалық мәслихаттың 20 наурыздағы 2018 жылғы № 204 шешіміне қосымша

Тіркелген салықтың мөлшерлемелері

      Ескерту. Орыс тіліндегі қосымшаға өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 24.04.2019 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

7

Атырау қаласында орналасқан уәкілетті ұйымның айырбастау пункті

50


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады