Кеңөзек ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 22 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 қаңтарда № 4050 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 21 мамырда № 73 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округі әкімінің 21.05.2018 № 73 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7)-тармақшасына және Атырау қалалық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-6/357 ұсынысы бойынша, Кеңөзек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара мал арасында құтыру ауруының пайда болуына байланысты Кеңөзек ауылдық округі "Шырпыной" учаскесі Куйрикпаев Кайролланың жеке секторы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кеңөзек ауылдық округінің әкімі С. Лұқпанов
      КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық
сақтау комитетінің Атырау облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Атырау қалалық
қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы______________Т. Мусағалиев
2018 жылғы "22" қаңтар
      Атырау облысы денсаулық сақтау
Басқарамасының шаруашылық жүргізу
құқығындағы "№ 4 Атырау қалалық
емханасы" коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының директоры
____________________А. Абджали
2018 жылғы "22" қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады