Атырау облысы Индер ауданының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 129 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 маусымда № 4185 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 169 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 01.09.2023 № 169 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағы 5-8) тармақшасына сәйкес су объектілерін әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін пайдалану мақсатында, Индер ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы Индер ауданының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтары ортақ су пайдалану талаптарын ескере отырып белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Индер ауданы әкімінің орынбасары Қ. Нұрлыбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Арыстан

  Индер ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "15" маусымдағы
№ 129 қаулысына қосымша

Атырау облысы Индер ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары

      Индер ауданының әкімшілік аумақтары шегіндегі Жайық өзенінің учаскелері:

      1. Елтай ауылдық округіндегі Аққала ауылына қарсы, оның солтүстіктегі соңғы нүктесінен бастап оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N 480 32/ 36.6// Е 0510 43/ 58.8// N 480 32/ 55.9// Е 0510 44/ 13.8// координаттарымен, ұзындығы 800 метр;

      2. Индер ауданының әкімшілік орталығындағы Индербор кентіне қарсы "ИндерСу" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның сорғы бекетінен бастап N 480 11/ 30.1// Е 0510 43/ 04.4// координаттарымен, Индер желілік өндрістік басқармасының газ құбыры жүйесіне дейінгі учаске N 480 31/ 58.8// Е 0510 43/ 29.5// координаттарымен, ұзындығы 1000 метр;

      3. Елтай ауылдық округіндегі Елтай ауылына қарсы "Индер" мұнай айдау станциясының сорғы бекетінен бастап N 480 27/ 55.1// Е 0510 42/ 00.5// координаттарымен, "КазСуШар" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның сорғы бекетіне дейінгі учаске N 480 28/ 00.8// Е 0510 42/ 05.9// координаттарымен, ұзындығы 800 метр;

      4. Есбол ауылдық округіндегі Ынтымақ ауылына қарсы "КазСуШар" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның сорғы бекетінен бастап N 480 23/ 24.8// Е 0510 38/ 12.6// координаттарымен, өзен бойымен жоғары N 480 23/ 27.0// Е 0510 38/ 30.2// координаттарымен учаске, ұзындығы 500 метр;

      5. Бөдене ауылдық округіндегі "Айсұлтан" шаруа қожалығынан бастап N 480 23/ 53.1// Е 0510 38/ 18.4// координаттарымен, Маринкино елді-мекенін қоса, "Қабдолов" жеке кәсіпкерлігінің сорғы бекетіне дейінгі учаске N 480 21/ 47.6// Е 0510 35/ 29.1// координаттарымен, ұзындығы 6500 метр;

      6. Өрлік ауылдық округіндегі Өрлік ауылының сорғы бекетінен бастап N 480 17/ 19.9// Е 0510 35/ 42.9// координаттарымен, Жарсуат ауылдық округіндегі Қызыл Жар ауылының оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске Жарсуат ауылы, Өрлік ауылы, Қызыл Жар ауылын қоса N 480 08/ 05.0// Е 0510 32/ 43.3// координаттарымен, ұзындығы 18000 метр;

      7. Көктоғай ауылдық округіндегі Көктоғай ауылының солтүстіктегі соңғы нүктесінене қарсы N 480 08/ 05.0// Е 0510 32/ 43.3// координаттарымен, Жарсуат ауылдық округіндегі Құрылыс ауылындағы сорғы бекетіне дейінгі учаске N 480 06/ 36.8// Е 0510 35/ 39.1// координаттарымен, ұзындығы 4200 метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады