Шектеу іс – шараларын тоқтату және "Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округінің елді мекендерінде шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 12 қарашада № 5-8-179 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабы 2-тармағының 4- тармақшасына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 12 қазандағы № 747 ұсынысы негізінде, Новодворовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс - шаралар кешенін жүргізуге байланысты Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі Ивановка ауылы, "Мукат" шаруа қожалығы, "Арман" шаруа қожалығы, Сосновка ауылы, подхоз Березовка, "Жумагулов" шаруа қожалығы, санаторий Березовка елді мекендеріндегі шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.

      2. "Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округінің елді мекендерінде шектеу іс- шараларын белгілеу туралы" Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-161 тіркелген, 2018 жылғы 27 шілдеде "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2018 жылғы 9 шілдеде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) оның ресми жарияланғанынан кейін осы шешімнің Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Новодворовка ауылдық
      округінің әкімі А. Камилаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады