Жарма ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 19/167-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 5601 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 наурыздағы № 4/25-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 29.03.2021 № 4/25-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кеиін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жарма ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 503 бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі және Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 704 бабында белгіленген біріңғай жер салығының базалық мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.

      2. Жарма аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 қазандағы № 7/50-VI "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 31 қазандағы № 4716 болып тіркелген, "Қалба тынысы" газетінде 2016 жылғы 5 қарашадағы № 57 санында жарияланды) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кеиін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Оразгалиев
      Мәслихат хатшысы А. Сахметжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады