Шілікті ауылдық округінің Байатар учаскесіндегі "Әмір" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 12 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 6 желтоқсанда № 5-11-174 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 25.10.2019 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 15 қарашадағы № 337 ұсынысы негізінде Шілікті ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шілікті ауылдық округінің Байатар учаскесіндегі "Әмір" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шілікті ауылдық
      округ әкімі Қ. Сағиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады