Шектеу іс- шараларын тоқтату және "Айнабұлақ ауылдық округінің Қайнар ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 1 шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 қаңтарда № 5456 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 425 ұсынысы негізінде, Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылдық округіндегі Қайнар ауылында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 1 "Айнабұлақ ауылдық округінің Қайнар ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5055 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда аудандық "Достық" газетінде және 2017 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округі әкімі М. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады