Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің "Полив" учаскесінде, Алтынбел ауылдық округінің "Подбелок" учаскесінде карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 363 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 5-13-148 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қазандағы № 406 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің 10.10.2018 № 406 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 1, 2 -тармақтарына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10- бабының 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 105 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің "Полив" учаскесінде, Алтынбел ауылдық округінің "Подбелок" учаскесінде ірі қара малынан сібір жарасы ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 21 қыркүйектен бастап туындаған өзара қарым-қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі А. Нұрғожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады